НҰР-СҰЛТАН, 05 қараша. Хақас Республикасында Орталық Азия аймағы елдерінен келгендер арасында лаңкестік идеологияны таратумен айналысқан Өзбекстан азаматына қатысты үкім шығарылды. Оның жоспары республикада Ресей Федерациясының аумағында тыйым салынған «Өзбекстан ислам қозғалысы*» лаңкестік ұйымының ұяшығын құру болды, деп «Экстремизму.нет» сайтына сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды
Ресей Федерациясының аумағына кірген кезде ер адам Өзбекстан азаматының төлқұжатын қасақана жойып, жеке деректерін құқық қорғау органдарынан жасыру және террористік әрекетке қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін жалған құжаттар жасағаны анықталды.
Бірінші Шығыс округінің әскери соты сотталушыны Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 205.2-бабының 1-бөлігі (террорлық әрекетке жария түрде шақыру, терроризмді жария түрде ақтау немесе терроризмді насихаттау) бойынша кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығынан айырды.