НҰР-СҰЛТАН, 06 қараша. Нигердің Мали шекарасында ұйымдастырылған лаңкестік шабуылда 69 қаза тапты, деп TRT агенттігі хабарлайды.
Мемлекеттік телеарнаға мәлімдеме жасаған Нигер Ішкі істер министрі Алкаче Альхада 2 қараша күні Тиллабери аймағындағы Адаб-Даб ауылына белгісіз қарулы топ тарапынан шабуыл жасағанын білдірді.
Альхаданың айтуынша, шабуылда 69 адамның, соның ішінде ауылдың еншісіндегі Банибангу ауданының әкімі де қаза тапқан.
Шабуылға байланысты 9 адамға іздеу салынды.
Үкіметтен жасалған жазбаша мәлімдемеде 69 адамның қаза табуы себепті бүгіннен бастап 48 сағаттық ұлттық аза жарияланғаны білдірілді.