НҰР-СҰЛТАН, 07 қараша. Бүгін Жалалабад қаласында «Ислам мемлекеті» (ИМ)* радикалды тобының 25 содыры қаруларын тастап, билікке берілді. Бұл туралы Нангархар (Шығыс Ауғанстан) провинциясының барлау басқармасының басшысы Мохаммад Баширге сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады.
Оның айтуынша, бұл содырлар Спингхар, Пачирагам және Батикот аудандарында белсенділік танытқан. Қауіпсіздік күштері Нангархар провинциясы мен оның маңындағы аудандардағы жағдайды тұрақтандыру үшін қосымша шараларды жоспарлап отыр.
Зиаудин есімді бұрынғы содырлардың бірі билікке берілу рәсімінде сөйлеген сөзінде барлық серіктестерін соғысты тоқтатып, Ауғанстандағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға шақырды.
Бұл Нангархар провинциясында билікке бағынған ИМ-нің екінші жасағы.
Бір күн бұрын Жалалабадта ИМ-нің тағы 55 содыры қауіпсіздік күштеріне берілді.
ИМ радикалды тобының бір тармағы Кабулдан шығысқа қарай 120 шақырым жерде орналасқан Жалалабад әкімшілік орталығы Нангархар провинциясының жекелеген бөліктерінде белсенді әрекет етуде. ИМ өкілдері оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым