НҰР-СҰЛТАН, 09 қараша. Мурманск әуежайы миналау туралы ақпаратқа байланысты эвакуацияланды, деп хабарлайды ТАСС әуеторабының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мурманск әуежайы» АҚ-да жарылыс қаупі туралы хабарламаға байланысты аэровокзал кешенін эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде. Барлық қызметтер жарылыс қаупі туындаған жағдайда белгіленген іс-шаралар жоспарына сәйкес жағдайды пысықтауда», — деді агенттік сұхбатшысы.
Әуежайдың онлайн таблосындағы ақпаратқа сәйкес, Мәскеуден шыққан 6479 рейсі Мурманскіге кешікпей 12:00-де келген.
«Пулково 6344 рейсі кестеге сәйкес сағат 12:05-те ұшты. Сағат 13:10 және 14:10-дағы рейспен ұшатын барлық жолаушылар әуежай әкімшілігі ғимаратындағы асханаға дейін жеткізіледі. Олар ыстық сусындармен қамтамасыз етілген», — деді әуежайдың баспасөз қызметі.
Мурманск әуежайы миналау туралы хабардан кейін бір жарым сағаттан кейін қалыпты жұмысын бастады. Жарылыс қаупі туралы ақпарат расталмады, деп хабарлады әуе торабының баспасөз қызметі.
«13: 25 ТЖ режимі алынды, аэровокзал кешенінің жұмысы қалпына келтірілді», — деді баспасөз қызметінде.