НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша. 10 қарашада Оңтүстік аудандық әскери соты Интернетте терроризм идеологиясы мен тәжірибесін қолдайтын пікірлер жариялаған Астрахан тұрғыны Андрей Агафоновқа 350 мың рубль айыппұл салды, деп соттың баспасөз қызметі хабарлайды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Сот 2019 жылдың наурыз айында интернетте жасалған террористік шабуыл туралы жаңалықты талқылау кезінде ер адам терроризм идеологиясы мен тәжірибесін дұрыс деп тану белгілері бар, қолдау мен еліктеуді қажет ететін екі пікір қалдырғанын анықтады.
«Сот үкіміне сәйкес Агафонов А.С. кінәлі деп танылып, оған 350 мың рубль көлемінде айыппұл салынды», — делінген хабарламада.
Ер адам Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205.2-бабының 2 бөлігі «Террористік әрекеттерді жүзеге асыруға жария түрде шақыру, терроризмді жария түрде ақтауға немесе терроризмді насихаттау» бойынша кінәлі деп танылды. Агафонов өзінің кінәсін мойындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ, оған әлі шағымдануға болады.