АТЫРАУ, 10 қараша. 2021 жылғы 10 қараша күні Атырау қаласы аумағында Атырау облысы терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб және Атырау облысы терроризмге қарсы күрес жөніндегі теңіз штабы күштерінің қатысуымен антитеррорлық оқу — жаттығуы өтеді, деп Qyzylqoga газеті жазады.
Көрсетілген уақытта Атырау қаласы аумағындағы жекелеген аудандарында қозғалыстар шектелуі мүмкін.
Уақытша шектеулерді және құқық қорғау органдары өкілдерінің заңды талаптарын түсіністікпен қабылдауларыңызды сұраймыз.
Оқу-жаттығу орындарында фото, видео түсірілім жасамау және аталған іс-шара туралы тексерілмеген жалған ақпарат таратпау сұралады.
Жалған мәлімет таратушыларға ҚР Қылмыстық Кодексінің 274 бап, 2 тармағы бойынша (жалған ақпарат тарату)
қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз.