НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша. Бішкекте «Хизб ут-Тахрир*» діни-экстремистік ұйымының астыртын топтарының бірінің жетекшілері мен белсенді мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция жүргізілді, деп Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Қырғызстан хабарлайды, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Осылайша, Бішкек пен Шу облысында тыйым салынған әдебиеттерді таратуға, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерді заңсыз әрекеттерге тартуға мамандандырылған топтың қызметі тоқтатылды, делінген хабарламада.
«Арнайы операция экстремистердің жас ұрпағын тәрбиелеу және даярлау шеңберінде ұйымның идеологтары тарапынан идеологиялық өңдеуге ұшыраған кәмелетке толмаған азаматтар тобының кезекті жиын кезінде елорда мекемелерінің бірінде өткізілді», — деп хабарлады арнайы қызмет.
Топ жетекшісі көршілес мемлекеттердің бірінің азаматы екені, ол басқа ұсталғандармен бірге Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғаны атап өтілді.
Тұрғын үйлерді тінту кезінде көптеген тыйым салынған әдебиеттер, сондай-ақ сараптамаға жіберілген электронды тасымалдағыштар алынды, деп толықтырды ведомствода.
Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті азаматтардың тыйым салынған ұйымдарға мүшелігі, сондай-ақ балаларды діни-экстремистік және өзге де қылмыстық әрекеттерге тартуы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым