НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша. Бейсенбі күні Оңтүстік Калифорния университеті, Нью-Йорк университеті және Массачусетс технологиялық институты жарылыс қаупіне байланысты кампустарды эвакуациялау туралы бұйрық шығарды. Бұл туралы ABC телекомпаниясына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Оңтүстік Калифорния университетінің аумағына қойылған бомба туралы ақпаратты, ғимараттарды тексеруді аяқтаған құқық қорғау органдары жалған деп хабарлады, университет жұмысын жалғастыруда. Массачусетс технологиялық институтының аумағында жарылғыш заттың бар екендігі туралы дәлелдер де табылған жоқ.
Соңғы аптада АҚШ-тағы бірнеше университеттер жарылыс қаупіне байланысты қызметкерлер мен студенттерді эвакуациялады. Хабарлар жалған болып шықты. Осылайша, Йель университеті жұма күні, жексенбі күні -Колумбия, Корнелл және Браунов университеттері эвакуация жүргізді