Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Талибан Ауғанстанның оңтүстігінде ДАИШ-ке қарсы операция жүргізді

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша. Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар уәлаятында Талибан күштері ДАИШ террорлық ұйымына қарсы операция жүргізді, деп TRT агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы Талибанның уақытша үкіметінің Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Саид Хости білдірді. Ол баспасөзге берген мәліметінде Кандагардың Сейдал аймағында ДАИШ террорлық ұйымына қарсы операция жүргізілгенін айтты.

Операцияда террорлық ұйымның үш мүшесінің өлтірілгенін айтқан Хости операция барысында екі бейбіт тұрғынның да қаза тапқанын атап көрсетті.

Талибанның Кандагардағы баспасөз хатшыы Шемс Самим болса операцияда ДАИШ террорлық ұйымының сегіз мүшесінің ұсталғанын, екі террористтің өзін өзі жарып жібергенін айтты. Самим операция барысында Талибан күштерінің зиян шекпегенін, операцияның аяқталғанын білдірді.

Талибан елде билікке келгеннен кейін ДАИШ террорлық ұйымы Ауғанстанда шабуылдарын арттырған болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *