Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Хабаровск өлкесінде героин жеткізу арнасы жойылды

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша. Хабаровск өлкесінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері героин жеткізу арнасын жойды. Қылмыскерлер алты жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы аймақ бойынша Ресей ФҚҚБ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

37 және 46 жастағы екі ер адам жеке көлігімен Иркутск облысынан Хабаровскіге есірткінің ірі партиясын алып өтпек болған.Бұл жайт қауіпсіздік қызметкерлеріне белгілі болды. Олар облыс астанасында ұсталды. Көлікте 2 кг героин болған.

«Хабаровск қаласындағы Краснофлот аудандық соты жоғарыда аталған «курьерлердің» бірін 6 жылға бас бостандығынан айырды <…> Хабаровск қаласындағы Краснофлот аудандық соты екінші қылмыскер — Иркутск облысының 37 жастағы тұрғынын кінәлі деп таныды және оған қатаң режимдегі колонияда алты жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады»,-делінген таратылған хабарламада.

Ер адамдар Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 228-бабы 3-бөлігі («Есірткі заттарын аса ірі көлемде өткізу мақсатынсыз заңсыз тасымалдау»)бойынша кінәлі деп танылды.

Кейін жедел уәкілдер заңсыз жеткізуді ұйымдастырушы – Хабаровск қаласының 29 жастағы тұрғынын да ұстады. Оған қатысты Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 228-бабының 3-бөлігі («Есірткіні аса ірі көлемде өткізу мақсатынсыз заңсыз тасымалдау») және Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 30-бабының 3-бөлігі, 228.1 бабының 5 бөлігі («Аса ірі мөлшерде жасалған есірткі заттарын өткізуге оқталу»)  бойынша іс қозғалды. Тергеу жалғасуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *