НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша.Мәжілістің пленарлық отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарады. Түзетулер педофилдер үшін Қазақстанға кіруді шектеуді және террористердің кіруіне тыйым салуды көздейді, деп Zakon.kz-ке сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Депутат Снежанна Имашеваның айтуынша, бұл заң жобасын депутаттар тобы «Халықтың көші-қоны туралы» заңды және қолданыстағы өзге де заңдарды жетілдіру мақсатында әзірлеген.
Заң жобасында көші-қон саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындау, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстары үшін сотталғандардың біздің елдің азаматтығын алуын шектеу, экстремистік немесе террористік әрекетке қатысы бар шетелдіктердің елге кіруіне тыйым салу көзделген, — деді депутат.
Сондай-ақ, төтенше жағдайда қолданылу мерзімі өткен құжаттарды пайдалану мәселесін реттеуді көздейді.
Имашеваның айтуынша, Мәжілістің бейінді комитеті заң жобасын қабылдауға дайын.