НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша. Ауғанстанның бас қаласы Кабулдың батысындағы екі аймақта болған бомбалы шабуылда 2 кісі қаза тапты, деп TRT агенттігі хабарлайды.
Талибан уақытша үкіметі Ішкі істер министрлігінің мәлімдемешісі Саид Хости Кабулдың батысындағы Дашти Барчи аймағында азаматтарды тасымалдаған көлікке бомбалы шабуыл жасалғанын айтты.
Шабуылда 2 кісі қаза тапқанын айтқан Саид Хости 3 әйелді қамтыған 6 кісінің жараланғанын хабарлады.
Куәгерлер бомбалы шабуылда 4 кісінің қаза тапқанын алға тартты.
Талибанның бір мүшесі Кабулдың Дехбури аймағында азаматтар көлігіне жасалған шабуылда бір адамның қаза тапқанын, 3 кісінің жараланғанын жариялады.
Бомбалы шабуылды әлі ешкім мойнына алмады.