Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркістан облысында терроризмді насихаттаған деструктивті-діни ағымның жақтаушысы ұсталды

ТҮРКІСТАН, 18 қараша. Түркістан облысының полицейлері тыйым салынған материалдарды таратқан күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері діни-экстремистік бағыттағы идеологияны насихаттайтын тыйым салынған материалдардың интернетте таралуының кезекті жайтын анықтап, оның жолын кесті.

Бұл туралы облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов жеткізді.

– Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде, “Facebook” парақшаларының бірінен белгісіз адамдардың тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның идеологиясын насихаттайтын бейнероликтер мен мәтіндік хабарламалар жариялағанын анықтады. Аталған материалдарды департаментте тіркеліп, сараптамаға жолдадық. Нәтижесінде сарапшылар бұл материалдарда терроризм мен экстремизмді насихаттаудың белгілері бар екенін растады. Осыған байланысты біз ҚР ҚК-нің 256-бабы 2-бөлігімен (Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру) сотқа дейінгі тергеуді бастадық. Тексеру аясында Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері мен Түркістан облысы бойынша ҰҚКД бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті ретінде Арыс ауданының тұрғынын ұстадық. Ұсталған ер адамның бұрын деструктивті-діни ағымның жақтаушысы және сотты болғанын анықтадық. Оның үйін тінту кезінде, біз әртүрлі компьютерлік техниканы, тыйым салынған діни әдебиеттер, ұялы телефон мен дискілерді тәркіледік. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты сотпен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Бүгінде істің мән-жайы жан-жақты анықталуда, – деп атап өтті полиция подполковнигі Құрманбек Сахов.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға ҚР заңнамасымен тыйым салынған діни-экстремистік бағыттағы материалдарды, оның ішінде әлеуметтік желілерде таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *