Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

БҰҰ өкілдері Қазақстанның қақтығыс аймағынан «Жусан» операциясы аясында өз азаматтарын елге қайтару тәжірибесімен танысты

НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша. БҰҰ өкілдері қақтығыс аймақтарынан өз азаматтарын елге қайтару бойынша Қазақстанның тәжірибесімен танысты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат агенттігі хабарлайды. 

ҚР Сыртқы істер министрлігі БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен бірлесіп, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының атқарушы директоры, БҰҰ Вена бөлімшесінің Бас директоры – Гада Фатхи Вали ханымның сапары аясында «Қақтығыс аймақтарынан қайтарылған азаматтарды, олардың отбасы мүшелерін қылмыстық қудалау, оңалту және реинтеграциялау мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі диалог» Қазақстан Республикасының тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

ҚР АҚДМ Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Бәкіров «Жусан» операциясы аясында террористік белсенді аймақтардан қайтарылған азаматтарды оңалту және реинтеграциялау жағдайы туралы баяндама жасады.

Іс-шараға ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Карин, Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялардың өкілдері қатысты. Модератор ретінде ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімова болды.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтарымызды террористік белсенді аймақтардан қайтару бойынша «Жусан» гуманитарлық операциясы 2019 жылы басталды, нәтижесінде бүгінгі күні елге 600-ден астам азамат оралды, олардың басым бөлігі — әйелдер мен балалар.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *