НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша. Уганда полициясы Муньоньо ауданындағы Speke Resort Hotel қонақ үйінің кіреберісінде жарылғыш құрылғының детонаторы бар Сомали азаматын ұстады. Бұл туралы Уганданың Nile Post газетіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
«Детонаторды күзетшілер Кампаладағы Лунгужа кварталында тұратын 25 жастағы Сомали азаматы Абдул Кәрім Майову басқарған көлікті тексерген кезде анықтады», — деп Уганда полициясының өкілі Фред Энангтың дәйек сөзін келтіріп жазады газет.
Жауап алу кезінде ұсталған ер адам оны анасы мен ағаларын қонақ үйден алып кету үшін басқа сомалилік жүргізуші ретінде жалдағанын айтты.
Бір апта бұрын Уганда астанасы Кампалада екі жарылыс болып, салдарынан жеті адам қаза тауып, 30-ға жуық адам жарақат алған. Қауіпсіздік қызметі бұл қылмыс үшін «Демократиялық күштер альянсын» айыптады. 106 күдікті қамауға алынды. «Демократиялық күштер альянсы» исламшыл тобын 20 жылдан астам уақыт бұрын Угандада экстремистер құрған, содан кейін Уганда қауіпсіздік күштерінің белсенді әрекеттері оны көршілес Конго Демократиялық Республикасына ығыстырды. Осы жылдың 25 қазанында «Демократиялық күштер альянсының» содырлары Кампала маңында автобусты жарып жіберді.