НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша.Конго Демократиялық Республикасында қарулы адамдар елдің шығысындағы Итури провинциясындағы босқындар лагеріне шабуыл жасауы салдарынан 22 адам қаза тапты, деп ӨзА агенттігі хабарайды.
ВВС-дің хабарлауынша, босқындар лагеріне шабуыл ұйымдастырған топ Конгоны дамыту кооперативі (Codeco) екені айтылады.
Қызыл Крест координаторы Мамбо Бапу Манс Франс Пресс агенттігіне берген сұхбатында шабуылдан кейін 20 адамның бірден ортақ қабірге жерленгенін, ал жарақаттарынан қайтыс болған тағы екеуі кейінірек жерленгенін айтқан.
Дәл осы лагерьге өткен аптада қарулы топ шабуыл жасап, 29 адам қаза тапқан болатын.
Шабуылдан кейін көптеген адамның аймақтан кетуге мәжбүр болғаны білдірілді.