Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алматыда 160 келіге жуық марихуана тәркіленді

АЛМАТЫ, 30 қараша.  ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен ағымдағы жылғы қарашада Алматы қаласы және Алматы облысы аумақтарында каннабистік есірткінің ірі партияларын жеткізу мен өткізуге қатысы бар есірткі құрылымының әрекетін анықтап, жолын кесті, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды. 

2021 жылғы 11 қарашада Департамент қызметкерлері Алматы облысынан Алматы қаласына каннабистік топтағы есірткіні жеткізу арнасын ұйымдастыруға қатысы бар «Р» есімді есірткі құрылымы жетекшілерінің бірін ұстады.

Есірткі таратушының автомашинасында, гаражында және тұрғылықты мекенжайында жүзеге асырылған тінту іс-шараларының нәтижесінде шамамен 159 кг «марихуана» есірткі құралы табылып, тәркіленді.

ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу материалдарын ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігіне сәйкес СДТБТ-ға тіркеді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *