Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

БҰҰ Арнайы баяндамашысы мен Өзбекстан СІМ басшысы Ауғанстандағы жағдайды талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша. 2021 жылдың 29 қарашасында Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов БҰҰ-ның терроризмге қарсы күрес жағдайында адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын көтермелеу және қорғау туралы мәселе бойынша арнайы баяндамашысы Фионнуала Ни Аолайнмен кездесті, деп ӨзА хабарлайды.

СІМ мәліметінше, кездесуде тараптар Өзбекстан мен БҰҰ және адам құқықтары саласындағы мамандандырылған мекемелер арасындағы ынтымақтастық аясындағы өзекті мәселелерді талқылады.

БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы Өзбекстан азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, басқа елдердегі мұқтаж жандарға тиімді көмек көрсету, соның ішінде Таяу Шығыстағы соғыс аймақтарынан адамдарды, әсіресе әйелдер мен балаларды елге қайтару жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалады.

Сонымен қатар тараптар Ауғанстандағы жағдай бойынша пікір алмасып, кездесудегі ортақ пікір ретінде Ауғанстан халқына шұғыл гуманитарлық көмек көрсету қажеттігі айтылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *