Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

СҚО-да «синтетика» өндірісі бойынша ҰҚТ ұйымдастырушысы 16 жылға бас бостандығынан айырылды

ПЕТРОПАВЛ, 30 қараша. Солтүстік Қазақстан облысында есірткі өндіруші 16 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында синтетикалық есірткі өндірісі мен өткізуді ұйымдастырған қылмыстық топ мүшелеріне үкім шығарылды.

Өндірістен бастап бөлшек саудаға дейінгі заңсыз есірткі бизнесінің толық циклды жолға қойған  төрт Петропавлдық сот алдында жауапқа тартылды.

35 жастағы қала тұрғыны Петропавл қаласында алдымен жалдамалы гаражда есірткіні синтездеуге тырысқан қылмыстық топты ұйымдастырды. Кейіннен астыртын әрекет ету мақсатында өндірісті облыс орталығынан тыс жерге көшірді. Есірткіні тарату арналарын әзірлей отырып, ол немере ағаларын есірткіні таратуға тартқан. Бұл ретте ҰҚТ ұйымдастырушысы ешкімге сенбеген және психотроптық заттарды сатып алушылармен, оның ішінде таратушылармен тікелей байланысқа түспеген.

Қылмыстық әрекетке тартылған әйелдердің біреуі ғана кірістерді бөлуге дейінгі барлық қылмыстық схеманы білген. Ол сондай-ақ есірткіні шағын партияларға орау үшін жауап берді және есірткілерді байланыс тәсілімен таратқан қылмыстық топтың қатардағы қатысушыларымен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етіп отырған.

Есірткіні сату үшін ол өзінің есірткіге тәуелді әпкесін бірге тұратын адамымен бірге қылмыстық әрекетке тартқан. Оның есебінше соңғылары тәуелді жағдайда болып  жұмыс берушілерін “сатпайды” деген қорытындыға келген.

ІІМ түсіндіргендей, қылмыстық топтың әзірлемесі 2020 жылдың қазан айынан бастап жалғасып, ағымдағы жылдың ақпан айында аяқталды. Қыруар жұмыс барысында қатардағы сатушылар ғана емес, есірткінің заңсыз айналымының барлық схемасы анықталды. Жасырын есірткі зертханасы анықталды және жойылды. ҰҚТ көшбасшысынан ұсталған кезде есірткі өндіруге жабдықталған үйінен үш килограмнан астам “Альфа-PVP” синтетикалық есірткі, 65 литр прекурсор, колбалар,  өлшемі бар ыдыстар, қорғаныс костюмдері, респираторлар, ұялы телефондар, дәріханалық таразылар, өндіріс процесі жазылған дәптерлер тәркіленді.

Сотта айыпталушылар бірнеше рет айғақтарын өзгертті. Алайда, әркімнің кінәсі толығымен дәлелденді. Сот сонымен бірге олардың біртұтастықпен, құрамының тұрақтылығымен, рөлдердің нақты бөлінуімен, қылмыстарды жоспарлаумен, сондай-ақ қылмыстық іс-әрекеттің нысандары мен әдістерінің тұрақтылығымен сипатталған ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында әрекет еткенін мойындады.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен ҰҚТ көшбасшысы А.Сейфуллин қылмыстық топты ұйымдастыруға және ҰҚТ құрамында есірткіні заңсыз дайындауға, сақтауға, өткізуге кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 16 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оның “оң қолы” Құрманбаева Д.Ж. 15 жылға бас бостандығынан айырылды. А.Семенова және Е.Скрипай мүліктері тәркіленіп, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *