НҰР-СҰЛТАН, 01 желтоқсан. Ауғанстанның шығысындағы Нангархар уәлаятында Талибан күштері мен ДАИШ террорлық ұйымы мүшелері арасында шыққан қақтығыста террорлық ұйымның үш мүшесі залалсыздандырылды, деп TRT агенттігі хабарлайды.
Нангархардағы Талибан лауазым иелері уәлаяттың орталығы Джалалабад қаласында ДАИШ террорлық ұйымына қарсы операция ұйымдастырылғанын білдірді.
Операция барысында бір үйді паналаған террористтер мен Талибан күштері арасында қақтығыс бірнеше сағат болды. Қақтығыс нәтижесінде үш террорист өлтірілді.
Лауазым иелерінің айтуына қарағанда екі террорист жарақат алды. Қақтығыс барысында Талибанның екі сарбазы да жараланды.