НҰР-СҰЛТАН, 02 желтоқсан. Өзбекстан шекарашылары Сурхандария облысы аумағынан Ауғанстанға заңсыз өтпек болған Франция азаматын ұстады, деп ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Өзбекстан хабарлайды, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам Термез ауданында ұсталған. Оның жеке заттарын тексеру кезінде трамадол психотроптық препаратының 26 таблеткасы табылды.
«Ұстау фактісі бойынша тергеуге дейінгі тексеру жүргізілуде», — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Өзбекстан мен Ауғанстан арасындағы шекара тек жүк тасымалдау үшін ашық.