Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркия Дін істері басқармасының төрағасы ҚР мүфтиімен кездесу өткізді

НҰР-СҰЛТАН, 03 желтоқсан. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия Республикасына ресми сапармен барды. Қазақстаннан келген делегацияны жылы қабылдаған Түркия мүфтиі, профессор Әли Ербаш Бас мүфтиді еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады, деп Кazislam.kz хабарлайды.

«Атажұрттан жеткізген сәлеміңізге алғысым шексіз. Біздің екіжақты байланысымыздың ауқымы кең. Әрине дін саласы бойынша әрбір мәселеде көмек көрсетуге дайынбыз. Діни білім бойынша шәкірттерге қолайлы жағдай жасауға барынша тырысамыз. Өйткені сан жылдар бойы арамызда қалыптасқан достық қатынас бар. Түркияға қош келдіңіз. Алла сапарыңызды сәтті етсін», – деді Әли Ербаш.⠀

Кездесу барысында түркі тілдес елдердің мүфтилер Алқасын құру, және оның алғашқы отырысын түркі әлемінің астанасы атанған Түркістан қаласында ұйымдастыруды ұсынылды. Жиын соңында бауырлас елдердің діни саладағы екіжақты байланысын нығайту бағытындағы игі бастамалар жайы сөз болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *