НҰР-СҰЛТАН, 04 желтоқсан. Мәскеудегі Зюзинский соты рэпер Элджейге (Алексей Узенюк) бейне клипінде есірткіні насихаттағаны үшін 100 мың рубль айыппұл салды. Бұл туралы ТАСС соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Сот Узенюкті Ресей Федерациясының Әкімшілік кодексінің 6.13 бабының 1.1 бөлігінде (интернет арқылы есірткі, психотроптық заттарды насихаттау) көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Сот шешімімен оған 100 мың рубль көлемінде әкімшілік айыппұл салынды», — деді соттың баспасөз қызметі.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ және оған апелляциялық сатыда шағым жасауға болады.
Қауіпсіз Интернет лигасының директоры және РФ Қоғамдық палатасының мүшесі Екатерина Мизулинаның ТАСС агенттігіне хабарлауынша, маусым айында ұйым «Элджей орындаушының бейнеклиптерінің бірінде есірткінің ашық насихатталуына байланысты» Ресей ІІМ Мәскеу бойынша Бас басқармасының есірткіге қарсы күрес бөліміне жүгінген Сонымен қатар, Rhymes Music лейбліне Моргенштерн мен Элжейдің әндеріндегі есірткіні насихаттау бойынша әкімшілік іс бойынша 1,5 миллион рубльге дейін айыппұл салынуы мүмкін.