НҰР-СҰЛТАН, 08 желтоқсан.8 желтоқсан, сәрсенбі күні Түркияның шығысындағы Ван провинциясында «Эрен қыс-12 Тендүрек тауы» терроризмге қарсы операциясының 12-ші кезеңі басталды, деп хабарлайды TRT агенттігі елдің ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Ван қаласында КЖП (PKK) қарсы «Эрен қыс-12 Тендүрек тауы» операциясы басталды.
Ішкі істер министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда КЖП террор ұйымы (PKK) елдің күн тәртібінен шығару және аймақты паналаған террористтерді залалсыздандыру мақсатты Ван қаласында «Эрен қыс-12 Тендүрек тауы» операциясы басталды.
Операцияға жандармерия арнайы десанттары мен жандармерия арнайы операциялық күштеріне қоса қарауылдық топтардан құралған 450 қызметкер қатысуда.
Елдегі лаңкестікті түбегейлі жою мақсатты жүргізілген «Эрен қыс» операцияларының халықтың қолдауымен, адал және табанды түрде сәтті жалғасатыны атап өтілді.