Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

АҚШ-та ИМ насихаттаған күдікті ер адам кінәсін мойындады

НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан. АҚШ-та «Ислам мемлекеті» * террористік тобына жәрдемдесті деген күдікті Сауд Арабиясының тумасы Мұхаммед Халифа өз кінәсін мойындады, деп Американың әділет министрлігі хабарлайды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

«Тегі саудиялық Канада азаматы шетелдік террористік ұйымға материалдық қолдау көрсету мақсатында [адамдардың] өліміне себепші болған сөз байласу бойынша кінәсін мойындады», — делінген хабарламада.

Америка билігінің ақпараты бойынша, Халифа ИМ-нің ағылшын тіліндегі насихаттық бейнероликтерін жасауға және Батыста таратуға белсенді қатысқан. Олардың көмегімен топ жаңа жақтастарды тартуға немесе адамдарды террористік әрекеттерді жасауға итермелеуге үміттенген. Мәлімдемелерге сәйкес, кейбір бейне жазбаларда ИМ содырлары қолданған жаза көріністері көрсетілген.

Халифа, АҚШ билігі атап өткендей, содырлар жағындағы соғыс қимылдарына да қатысқан. 2019 жылдың басында оны АҚШ қолдайтын күрт «Демократиялық Сирияның күштері» тұтқынға алды. Бұл құрамалар мен ИМ содырлары арасындағы атыстан кейін болды.

Үкім шығару келесі жылдың 15 сәуіріне белгіленген. Халифа өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *