НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан. Нигерияның Нигер уәлаятында бір мешітке жасалған қарулы шабуылда 9 адам мерт болды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Нигер уәлаяты полиция басқармасы төрағасы Бала Мондай Куряс куәлігі белгісіз қарулы адамдардың Нигер уәлаяты Машегу аймағындағы Бааре ауылында намаз үшін жиналған жамағатқа оқ жаудырғанын бірдірді.
Куряс шабуылда 9 адамның қаза тапқанын және көптеген адамның жарақат алғанын баяндады.
Аймаққа қауіпсіздік күштерінің жіберілгенін түсіндірген Куряс оқиғамен байланысты тергеу жұмыстарының басталғанын айтты.