Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Германияда мешітке шабуылдаған 11 адам тергеуге алынды

НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан.  Германияның Лейпциг қаласында Дін Істері Түрік-Ислам Одағы қарасты Эйюп Сұлтан мешітіне бір топтың қатты заттар мен отшашумен жасаған шабуылына байланысты 11 адамның ұсталғаны хабарланды, деп TRT агенттігі хабарлайды. 

Радикал солшыл көзқарастағы 100-150 адамнан тұратын топтың кеше түнде шыққандары бір шерудің кейін Эйюп Сұлтан мешітін нысанаға алып жасаған шабуылында ғимаратқа материалдық зиян келді.

Эйюп Сұлтан мешіті бірлестігінің төрағасы Өмер Мумжу мешіттеріне жасалған шабуылға қатты қайғырғандарын айтып, жыл сайын осындай оқиғалармен кездескендерін еске салды.

Шабуыл кезінде мешіттің 4 әйнегінің сынғанын және ғимаратқа материалдық зиян келгенін атап көрсеткен Мумжу бұл шабуылдарды тоқтату үшін полициядан көмек сұрағандарын айтты.

Мумжу топтың мешіт пен полицияға отшашулар лақтырып, қарғаған шабуылға қатысты бар 11 адамның ұсталғанын білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *