НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан. Белгісіз біреу Шереметьево әуежайында 20-дан астам ұшақтың «миналануы» туралы хабарлады. Бұл туралы ТАСС-қа сілтеме жасап Zakon.kz жазады.
Құқық қорғау органдарындағы дереккөздің айтуынша, Шереметьево әуежайында 20-дан астам ұшақ миналанғаны туралы хабарламадан кейін қауіпсіздік шаралары күшейтілген.
«Әуежайдың электрондық поштасына (Шереметьево. – Ред.) 21 ұшақтың миналануы туралы анонимді хабарлама келіп түсті. Қазіргі уақытта қауіпсіздік шаралары күшейтілуде», — деді агенттіктің құқық қорғау органдарындағы дереккөзі.
Басылым сұхбатшысының айтуынша, эвакуация жүргізілмейді.
Әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен кинологтар жұмыс істеуде.