Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

«Аш-Шабаб» содырлары Сомалидің орталығындағы қаланы басып алды

НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан.  «Аш-Шабаб» террористік тобының содырлары Сомали орталығындағы стратегиялық маңызды Элдире қаласын басып алды. Қала Галмудуг жартылай автономиялық штатының әкімшілік орталығы Дусамаребтен небәрі 30 шақырым жерде орналасқан,  деп Сомалидің Hiiraan жаңалықтар порталы хабарлайды. Бұл туралы  ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

«Өткен түні үкімет күштері Эльдирден кетіп, оған «Аш-Шабаб» содырлары кірді», — деп жергілікті ақсақал Нұр Хусейннің сөзіне сілтеме жасап портал хабарлайды.

Эльдирге шабуыл жасамас бұрын содырлар жергілікті полиция бөлімшесі ғимаратын минометпен атқылаған. Шабуылшылар адамдарды кепілге алып, Галкайо мен Беледуэне арасындағы аймақтағы негізгі тас жолды бақылауға аламыз деп сес көрсетуде, деп куәгерлердің дәйексөзін келтіре портал жазады.

Күні кеше көтерілісшілер сол штаттағы Матабан қаласын басып алды. Бұл қаланы, билік,  Элдире сияқты 10 жылдан астам уақыт бойы «Аш-Шабаб» шабуылдарынан қорғай алған.

Көтерілісшілердің белсенділенуі Сомали үкіметі мен оның Африка Одағының бітімгершілік күштеріндегі одақтастары арасындағы, сондай-ақ кезекті президенттік сайлаудың үнемі кейінге қалдырылғанына байланысты ел ішіндегі саяси күштер арасындағы  қарама-қайшылықтар аясында өсіп келе жатқаны байқалады.

«Аш-Шабаб» Сомалиде 2004 жылы құрылған. 2008 жылдан бастап оның содырлары мезгіл-мезгіл лаңкестік шабуылдар жасайды. 2010 жылға қарай топ кең аумақтарды басқарды, бірақ 2011 жылдың жазында Сомали астанасы Могадишодан кетіп, ел үкіметі мен оның одақтастарымен күрестің партизандық тактикасына көшуге мәжбүр болды. 2012 жылғы ақпан айында «Аш-Шабаб» басшыларының бірі содырлардың «Әл-Каида*» лаңкестік ұйымына (ҚР-да тыйым салынған ұйым) қосылғаны туралы жариялады.

«Аш-Шабабтың» жалпы саны қазір 7 мың содырды құрайды.

 

*Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *