НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан. Белгісіз біреу Киевтің Орталық және Оңтүстік теміржол вокзалдарын миналау туралы хабарлады, соған байланысты жолаушыларды отырғызу резервтік схемалар бойынша жүзеге асырылады, деп «Укржелдорога» («Укрзализныця») компаниясына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
«Киевтегі Орталық және Оңтүстік теміржол вокзалдарының жұмысы миналау туралы хабарламаға байланысты уақытша шектелді. Станциялардың барлық жұмысшылары мен жолаушылары эвакуацияланды. Нысандарды жарылғыш техниктер, кинологтар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері тексеріп жатыр», — деді компанияда.
Пойыздар кестеге сәйкес жүреді, ал жолаушыларды отырғызу станцияларға іргелес өткелдер арқылы жүзеге асырылады.
Миналау туралы хабарлама тексерілгеннен кейін Орталық және Оңтүстік теміржол вокзалдарының жұмысы әдеттегідей жанданғаны белгілі болды.
«Киевтегі орталық және оңтүстік теміржол вокзалдары қалыпты жұмыс істеп тұр», — деліеген «Укржелдорога» компаниясының Facebook-те парақшасында.
Киевте, сондай-ақ бүкіл Украинада инфрақұрылымдық нысандарды миналау туралы хабарлар жиі болып тұрады. Атап айтқанда, қарашада Киевтегі үш теміржол вокзалының – Орталық, Оңтүстік және Дарницкийдің жолаушылары мен қызметкерлері миналау туралы хабарға байланысты эвакуацияланған.