Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Павлодарда мас «террорист» мектепті жарып жібермекші болды

ПАВЛОДАР, 19 желтоқсан. Ер адам алкогольдік мас күйде болған. Ол өзінің бұл әрекетке не себепті барғанын түсіндіре алмады, деп  Рavlodarnews.kz хабарлайды сілтеме  жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің  мәліметінше,  18 желтоқсан күні сағат 18.17-де  полицияға «ер адам 17 мектепті жарып жібергісі келеді» деген шақыру түскен.

— Мектепке келген жедел тергеу тобы тексеру жүргізді. Сағат 19.58-де тексеру аяқталды, жарылыс қаупі бар заттар табылған жоқ. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 1977 жылы туған павлодарлық анықталып, ұсталды, — деді департаментте.

Аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *