НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан. Хама провинциясының оңтүстігіндегі Аз-Зара ауылының маңында террористік топтар қалдырған минаның жарылуынан бір бейбіт тұрғын қаза тапты, деп SANA агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Хамадағы SANA агенттігінің тілшісі шаруа өзінің ауылшаруашылық учаскесін жыртқан кезде мина жарылғанын, ер адам ауыр жарақат алып, қайтыс болғанын айтты.