Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Хуситтер Сауд Арабиясындағы Абха әуежайына ұшқышсыз ұшақтармен шабуыл жасады

НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан. Сауд Арабиясы бастаған араб коалициясы Иран қолдаған «Ансар Алла» қозғалысының (хуситтер) көтерілісшілері патшалықтың оңтүстік-батысындағы Абха әуежайына қарай ұшырған үш миналанған ұшқышсыз ұшағын жойды. Бұл туралы Сауд Арабиясының ресми SPA агенттігіне сілтеме жасап «Анадолу» агенттігі хабарлайды, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Араб коалициясының баяндамасында хуситтердің бейбіт тұрғындарға шабуыл жасауы халықаралық құқықты бұзғаны екені атап көрсетілді.

Агенттіктің хабарлауынша, хуситтер Сана халықаралық әуежайынан Сауд Арабиясына қарай миналанған ұшқышсыз ұшақтарды ұшырды. Коалиция күштері бейбіт тұрғындарды қорғау үшін қауіп көздерімен күресуді жалғастыруда, делінген хабарламада.

«Ансар Алла» бұл ақпаратқа әзірге түсініктеме берген жоқ.

«Ансар Алла» қозғалысы Сауд Арабиясының оңтүстігіне баллистикалық зымырандар мен ұшқышсыз ұшақтар арқылы жиі шабуыл жасайды.

Йеменде 2014 жылдан бері қарулы қақтығыс жалғасуда , онда бір жағынан «Ансар Алла» шииттік қозғалысының көтерілісшілері мен Йеменнің биліктен қуылған президенті Али Абдулла Салехтің жақтастары, екінші жағынан президент Абдураббу Мансур Хадиге адал үкімет әскерлері қатысқан.  Йемендегі қарулы қақтығыс салдарынан 3 миллионға жуық адам ел ішінде босқынға айналды.

Сауд Арабиясы басқаратын араб коалициясы 2015 жылдың наурыз айынан бері Йемен үкіметіне хуситтермен күресте қолдау көрсетіп келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *