НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан. Тәжікстанның ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода мен Ресей Ішкі істер министрлігінің Душанбедегі өкілі Алексей Егоров терроризм мен экстремизмге қарсы күресте Ресей мен Тәжікстан арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады, деп жазады RT . Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
«Кездесу барысында тараптар терроризм мен экстремизмге қарсы күресте Ресей мен Тәжікстанның ынтымақтастығын нығайту және кеңейту мәселелерін талқылады, Рахимзода мен Егоров есірткі, қару-жарақ және заңсыз көші-қонға қарсы бірлесіп күресуге дайын екендіктерін білдірді», — деп ведомствоның баспасөз орталығының басшысы Махмадзода Нусратулло мәлімдеді.
Оның айтуынша, трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күрес талқыланды.
Бұған дейін Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елшіліктерінің басшыларын халықаралық-құқықтық қауіпсіздік кепілдіктерін қамтамасыз ету бойынша Ресейдің ұсыныстары туралы хабардар еткен.