НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан. Сейсенбі күні Мәскеудің әскери соты Дағыстан тумасы Юсуп Юсубовты жерлестерін Мәскеудегі «Киевская» метро станциясында жарылыс ұйымдастыруға көндіргені үшін кінәлі деп тауып, 11 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы 2-ші Батыс округтік әскери сотының баспасөз хатшысы Ирина Жирноваға сілтеме жасап ТАСС хабарлады, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
«Сот іс бойынша айыптау үкімін шығарды. Юсубовқа 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, оның үш жылын түрмеде, ал сегіз жылын қатаң режимдегі колонияда өткізеді», — деді Жирнова.
Үкім заңды күшіне енген жоқ, оған шағымдануға болады. Жарыссөзде прокурор Юсубовты 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы өз кінәсін мойындамады.
Юсубов Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205.1 бабының 1.1-бөлігі (террорлық акт жасауға бейімділік) бойынша айыпталған. Тергеу мәліметінше, айыпталушы 2019-2020 жылдары Дағыстанның тағы бір тумасы Руслан Қайбаковты полицейге шабуыл жасап, оны өлтіріп, тапаншасын алып, кейін Мәскеудегі ФҚҚ ғимаратына барып, басқа тәртіп сақшыларын атып тастауға көндірмек болған.
Қайбақовтың әйелі сол кезде «Киевская» метро станциясында жарылыс ұйымдастыруы керек еді. Нәтижесінде Қайбақов құқық қорғау органдарына беріліп, Юсубов ісі бойынша куәгер болып, оны әшкерелеу айғақтарын берді.