Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нұр-Сұлтанда Астана процесі аясында кезекті кездесу басталды

НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан.  Сирия жөніндегі Астана процесі аясындағы кезекті кездесу 2021 жылғы 21-22 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өтуде, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар Сириядағы ахуалды, Астана процесі аясында бұрын қол жеткізген келісімдерді орындау мақсатында деэскалация аймақтарындағы тұрақтылықты қолдау міндеттерін қарастырады, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

БҰҰ аясындағы келіссөздер процесіне серпін беру мақсатында тараптар Женевадағы сириялық Конституциялық комитет жұмысының жоспарларын талқылайды.

Кепілгер мемлекеттер – Ресей, Түркия және Иранның, сондай-ақ БҰҰ және Халықаралық Қызыл Крест комитетінің қатысуымен Мәжбүрлеп ұсталып отырған тұлғалар бойынша жұмыс тобының отырысы жоспарлануда.

Келіссөздерге Ресей, Түркия, Иран, Сирия үкіметі және сириялық оппозиция қатысады. Бақылаушылар ретінде БҰҰ, Иордания, Ливан және Ирак өкілдерінің келуі күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласындағы екіжақты және үшжақты консультациялар екі күнге созылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *