Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Атырау полицейлері синтетикалық есірткіні сатумен айналысқан күдіктіні ұстады

АТЫРАУ, 23 желтоқсан. Атырауда тұрғыннан “амфетамин” синтетикалық есірткісі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру шарасы барысында тиым салынған синтетикалық есірткіні сатумен айналысқан күдіктіні ұстады.

– Тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде синтетикалық есірткі заты анықталып, сараптама қорытындысына сәйкес есірткінің жалпы салмағы 67 грамм болатын “амфетамин” синтетикалық есірткі заты екендігі анықталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлімі 3-тармағы және 5-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *