Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

С.Шойгу: Терроризмнің Ауғанстаннан ҰҚШҰ елдеріне экспортталуының қаупі ықтимал

НҰР-СҰЛТАН, 23 желтоқсан. Ауғанстандағы жағдайдың тұрақсыздануы терроризм мен есірткіні ҰҚШҰ мемлекеттерінің аумағына экспорттау қаупін туғызады, деп хабарлады Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу. Бұл туралы Sputnik Қырғызстан агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

«Әлемдегі әскери-саяси жағдай шиеленісуде. Ресейдің батыс және шығыс шекараларында шиеленіс күшейіп келеді. Америка Құрама Штаттары Ресей шекараларында өзінің әскери қатысуын күшейтуде. Шығыс Еуропа елдерінде алмастыру негізде жалпы саны 8 мыңға жуық әскері бар америкалық бөлімшелер орналасқан», деді Шойгу Қорғаныс министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде.

Сондай-ақ, оның айтуынша, американдық жаһандық зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің Тынық мұхиттық сегментін орналастыру жалғасуда. Сонымен қатар, Қорғаныс министрлігінің басшысы Ауғанстандағы жағдайды атап кетті.

«Ауғанстандағы жағдайдың тұрақсыздануы терроризм мен есірткіні ҰҚШҰ мемлекеттерінің аумағына экспорттау қаупін тудырады. Біз жағдайды мұқият қадағалап, әскери қауіпсіздікке төнген барлық қауіп-қатерге жедел әрекет етеміз», — деді Шойгу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *