Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

 Өскеменде синтетикалық есірткі өндірісін жолға қоймақшы болған Алматы тұрғыны ұсталды

ӨСКЕМЕН, 23 желтоқсан. Алматылық қыз Өскеменде синтетикалық есірткі өндірісін жолға қоймақшы болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысының Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ІІМ мен прокуратураның үйлестіруімен Өскемен қаласында синтетикалық есірткілерді өткізу арнасын жедел әзірлеу нәтижесі есірткі зертханасын жоюмен аяқталды.

”Рефлекс” арнайы операциясын өткізу кезінде полиция қызметкерлері 120 грамм ”альфа-pvp” психобелсенді заты тәркіленген жергілікті тұрғынды ұстады. Ол есірткіні оған Алматы қаласынан бір әйел үшінші тұлғалар арқылы жолдап отырғанын көрсетті. Кейіннен ол анықталып, әзірлеуге алынды.

Желтоқсан айының басында ол есірткі өндірісін ұйымдастыру үшін Өскеменге келген, ол үшін жабдықтар мен химикаттарды Алматы қаласынан жеке заттар ретінде жіберіп отырған.

Күдікті әйел пәтер жалдап, синтетикалық есірткі өндірісіне кіріскен.

Оның қылмыстық әрекетке қатысуы туралы дәлелді базаны бекіткеннен кейін ол ұсталды.

Жалға алынған пәтерді тінту барысында әрқайсысы 0,3 граммнан ”альфа-pvp” бір реттік 100 дозасы, сондай-ақ буып-түюге дайындалған есірткі табылды. Барлығы 62 грамм синтетика алынды, ол аса ірі мөлшердегі есірткі болып табылады.

Сонымен қатар, пәтерде өндірістің соңғы сатысына дайындалған алты литр есірткі ерітіндісі, бес литр прекурсор, сондай-ақ, күдікті есірткіні өндіру және өлшеп-орау кезінде пайдаланған газқағары, электр плитасы, электрондық таразы, 150 орама изолента, термоқаптарды орау, зип-пакеттер табылды.

Осылайша, жедел қызметкерлердің қабылдаған шаралары арқасында дайын есірткінің 200-ге жуық бір реттік дозасы және үш келіден артық синтетика өндіруге жарайтын алты литр сұйық түріндегі есірткі заңсыз айналымға жіберілген жоқ.

Ұсталғанға қатысты сот “қамауда ұстау” түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сақтау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жаза мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *