НҰР-СҰЛТАН, 24 желтоқсан. Благовещенск соты Амур облысының тұрғынына есірткінің ірі партиясын интернетті қолдана отырып сатқаны үшін үкім шығарды. Ол алты жылға қатаң режимдегі колонияға сотталды, деп хабарлайды ТАСС аймақтағы Ресей ФҚҚ басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Аймаққа синтетикалық есірткінің аса ірі партиясын жеткізу арнасын ұйымдастырған Амур облысының тұрғынына қатысты айыптау үкімі шығарылды . Сот айыпталушының кінәсін толық мойындауын және тергеуге көмектескенін ескеріп, оған алты жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеу туралы үкім шығарды», — делінген хабарламада.
Маусым айында әрі қарай сату үшін интернет арқылы жалпы салмағы бір келіден асатын (шамамен бес мың бір реттік доза) синтетикалық мефедрон препаратына тапсырыс берген 24 жастағы облыс тұрғыны ұсталды. Аталған факті бойынша РФ ҚК 30-бабының 3-бөлігі («Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу»), 228.1-бабының 5-бөлігі («Есірткі заттарын заңсыз өндіру, өткізу немесе жөнелту») бойынша қылмыстық іс қозғалды.