Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

 Ауласында есірткі еккен Түркістан облысының тұрғыны сотталды

ТҮРКІСТАН, 24 желтоқсан. Түркістан облысында есірткі егіп, сақтаған күдікті сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында есірткі егіп, оны сақтаған тұрғын сотты болды. Шындығында кез келген қылмыстық істі тергеп, кінәліні анықтау, нақты айғақтармен сотқа жолдау оңай іс емес. Десек те Түркістан облысы ПД Тергеу басқармасының қызметкерлері қаншама қылмыстарды дер кезінде ашып, қылмыскерлердің құрықталуына қызмет етуде. Мәселен, Бәйдібек аудандық ПБ-нің “102” нөміріне жергілікті тұрғынның бірі өз ауласында есірткі затын өсіретіндігі және сақтайтындығы туралы хабар келіп түскен. Полиция қызметкерлері аталған ақпаратты ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) бойынша СДТБТ-ға тіркеп, қылмыстық істі ашуға бірден бағыт алды.

ТО ЕҚҚІҚБ мен бәйдібектік тәртіп сақшылары есірткі қылмысының алдын алу бойынша аталған мекенжайға барды. Осылайша, күдіктінің үйін тінту барысында, оның қорасының артында өсіп тұрған екі түп есірткі өсімдігіне ұқсас зат тәркіленіп алынды. Сонымен қатар күдіктінің күртешесінің қалтасынан газетке оралған жасыл түсті есірткіге ұқсас зат табылды. Полицейлер күдікті азаматтың үйінен алынған есірткі заттарына сараптама тағайындады. Оның қорытындысына сәйкес, ұсынылған заттар екі түптің “сора” және газеттегі заттың жалпы салмағы тоғыз грамды құрайтын “кептірілген марихуана” екені анықталды. Тергеу амалдары жүргізілді. Істің ақ-қарасын ажыратып, нақты дәлелдер жинақталып, қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды. Нәтижесінде соттың үкімімен 47 жастағы бәйдібектік тұрғын ҚК 300-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған бір жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Ал 296-бабы бойынша 80 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы берілді. Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері заңсыз есірткі заттарын өзінде сақтау немесе күтіп-баптап өсірудің соңы қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Сондай-ақ, есірткіні қолдану – бірінші кезекте сіздің денсаулығыңызды құртатынын естен шығармаңыз. Тәртіп сақшылары азаматтарға өздеріңіз бен балаларыңызды жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *