СЕМЕЙ, 24 желтоқсан. Семей полицейлері есірткі сатушыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ШҚО ПД Семей қ.Полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” жедел профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында Семей қаласының аумағында “кептірілген марихуана” есірткі құралдарын өткізумен айналысқан 41 жастағы қала тұрғынын анықтады.
– Аталған азаматқа тиесілі автокөлік құралын кідіріссіз тінту барысында жалпы салмағы 516 грамм “кептірілген марихуана” заты табылып, тәркіленді. Аталған азамат қамауға алынып, ҚР ҚК – нің 297-бабы 2-бөлігі (Ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, ол бойынша 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, – деді Семей қ.ПБ бастығы Шалқар Құнанбаев.