Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

БАҚ: Түркия мен Катар Кабул әуежайын басқару үшін Талибанмен келісімге келді

НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан. Түркия мен Катар жұма күні «Талибан»* радикалды қозғалысының өкілдерімен Кабул әуежайын басқару туралы түбегейлі келісімге келді, деп Anadolu агенттігі хабарлайды, деп  ТАСС агенттігіне  сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Агенттіктің ақпараты бойынша, тараптар техникалық комитеттер деңгейінде консультацияларды жалғастыру үшін техникалық топтар құру туралы пәтуаға келген. Бұл келісімдер Ауғанстандағы тағы төрт әуежайға да қатысты.

Кабул әуежайының ұшу-қону жолағы мен терминалдары әуе айлағында болған тәртіпсіздіктер мен 26 тамызда оның жанында болған террорлық шабуылдың салдарынан қатты бұзылды. Тамыз айының соңынан бастап Катар мен Түркияның техникалық мамандары әуежайдың жұмысын ретке келтіруге көмектеседі. 4 қыркүйекте әуе айлағынан Ауғанстанның Мазари-Шариф, Кандагар және Герат қалаларына алғашқы ұшақтар ұшты. 9 қыркүйекте АҚШ әскері Ауғанстаннан шығарылғаннан кейінгі алғашқы ұшақ Кабулдан Дохаға халықаралық рейс жасады. Қыркүйектің екінші жартысынан бастап Иран, Пәкістан және Сауд Арабиясынан Кабулға коммерциялық чартерлік рейстер де орындалып келеді.

 

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *