НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан. Түрік полициясы «Ислам мемлекеті»* террористік тобына қатысы бар деген күдікпен кем дегенде тоғыз шетелдік террористті ұстады, деп Sabah газеті хабарлады, деп ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Газет дереккөздерінің хабарлауынша, күдіктілер шабуылдыр дайындаған.
Олар полиция Ыстамбулдың бес ауданында жүргізген терроризмге қарсы рейдтер барысында ұсталды, сонымен қатар рейдтер барысында электронды үгіт-насихат материалдары мен шабуылдарды ұйымдастыруға қатысты құжаттар да тәркіленді.
Әзірге ұсталғандардың ұлты нақтыланған жоқ.
Еске салайық, қараша айында Түркияның құқық қорғау органдары Ыстамбұлда «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының қызметіне қатысы бар адамдарды ұстау операциясын жүргізген болатын.
Терроризмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қаланың 11 ауданында жүргізген рейд барысында тоғыз шетелдікті ұстады.
Олардың бұрын әртүрлі қарулы қақтығыстарға қатысқаны және ИМ-мен, сондай-ақ «Әл-Каида»* террористік тобымен байланыста болғаны анықталды.
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым