Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мәскеудегі сот ғимаратын жарып жіберуді жоспарлаған ИМ жақтаушысы 19 жылға сотталды 

НҰР-СҰЛТАН, 28 желтоқсан. Орталық Азия республикаларының бірінің азаматы Мәскеудегі Екінші Ббтыс аймақтық әскери сотын жаруды жоспарлап, осы әрекеті үшін қатаң режимдегі колонияда өтеуге 19 жылға сотталды, деп Мәскеу және Мәскеу облысы бойынша Ресей ФҚҚ баспасөз қызметі хабарлайды.Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

«Мәскеу қаласы мен Мәскеу облысы бойынша Ресей ФҚҚБ-ның тергеу бөлімі жүргізген қылмыстық істі тергеу нәтижесінде А.С.Умаровтың Екінші батыс әскери сотының ғимаратында қолдан жасалған жарылғыш затты жару арқылы террористік әрекет жасауды дайындағаны  туралы түпкілікті дәлелдемелер жиналды», — делінген баспасөз хабарламасында.

Умаровтың жоспарын жүзеге асыру үшін қала сыртында тұратын орыс отбасына қара жұмысшы болып орналасқаны анықталды. Ресей Федерациясында тыйым салынған «Ислам мемлекеті»* халықаралық террористік ұйымының жетекшілерінен алынған нұсқауларға сәйкес, Умаров құрылыс дүкенінен бомбаға арналған химиялық заттарды, сондай-ақ оның зақымдайтын элементтерін сатып алып, бір жарылғыш құрылғы жинап, жарылғыш затты үйге іргелес орналасқан орман алқабына жасырды.

«Террорлық шабуылдан кейін ол соғыс жүріп жатқан Таяу Шығысқа барып, террористік топтарға қосылуды жоспарлаған», — делінген баспасөз хабарламасында.

2020 жылдың қарашасында ФҚҚ қызметкерлері Умаровты Мәскеу маңындағы ауылдардың бірінде ұстады. Аймақты тексеру кезінде жедел уәкілдер қолдан жасалған бомба, қуат элементтері, ИМ* бейнелемесі бар ту,  киімдер мен байланыс құралдары бар құпия орынды тапты.

«Екінші Батыс әскери соты Умаровты қатаң режимдегі колонияда өтеуге 19 жылға бас бостандығынан айырды», — делінген хабарламада.

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *