Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Талибан содырлары Кабулда ереуілге шыққан әйелдерге оқ жаудырды

НҰР-СҰЛТАН, 28 желтоқсан. Ауғанстанда билікті басып алған «Талибан» * қозғалысының содырлары сейсенбі күні Кабулда шеру ұйымдастырған әйелдерге оқ жаудырды, деп ауғанстандық Asvaka агенттігі хабарлайды.Бұл туралы ТАСС-қа сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Арнаның ақпараты бойынша, оқиға итальяндық Emergency  гуманитарлық ұйымының ауруханасы орналасқан аймақта  болған. Зардап шеккендер мен қаза болғандар туралы мәлімет жоқ.

Бұған дейін TOLOnews телеарнасы Ауғанстан астанасында бір топ әйел өз құқықтарын сақтауды және тұрмыс жағдайын жақсартуды талап етіп, наразылық акциясын өткізгенін хабарлаған.

 «Біз аш адамдардың даусымыз, — деп арна наразы әйелдердің ұрандарын келтіреді. — Әйелдер оянды, біз кемсітуді жек көреміз». Кең таралған бейнежазбадан белгілі болғандай, шеруге бірнеше ондаған адам қатысуда.

АҚШ көктемде Ауғанстаннан қарулы күштерін шығару туралы шешімін жариялағаннан кейін «Талибан» қозғалысы ел аумағында бақылау орнату үшін ауқымды операция бастады. 15 тамызда тәлібтер Кабулға шайқассыз кіріп, 7 қыркүйекте заңдылығын әлі ешбір ел мойындамаған уақытша үкіметінің құрамын жариялаған.

 

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *