Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

СҚО-ның 20 жастағы тұрғыны Instagram-да ұлттық алауыздық тудырғаны үшін сотталды

ПЕТРОПАВЛ, 30 желтоқсан. СҚО тұрғыны ұлттық алауыздықты қоздырғаны үшін сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің назарына Instagram әлеуметтік желі қолданушысының жарияланымдары ілікті. Оның материалдарында және пікірлерінде ұлттық, діни алауыздық қоздыру белгілері байқалады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыс аудандарының бірінің 20 жасар тұрғыны анықталды. Өзіне қосымша аккаунт ашып, тіл тигізетін жарияланымдар орналастырған. Тергеу амалдары аяқталған соң іс материалдары Петропавл қ. сотына тапсырылды. Сотталушы кінәлі деп танылды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) бойынша 3,5 жылға бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

– Ағымдағы жылы Петропавлда қоғамдық орында масаң күйінде балағат сөздер айтып, айналадағылардың ұлттық ар-намыстарын, қадір-қасиеттерін қорлаған 24 жастағы облыс тұрғыны 4 жылға бас бостандығынан шектелді. Алауыздық тудырғаны үшін заңнамамен қатаң жауапкершілік: ірі көлемде айыппұл салудан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал салдары ауыр болған жағдайда – 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылатынын естен шығармаған жөні, – дейді СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Жарасбаев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *