Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

СҚО синтетикалық есірткіні өткізушілерді ұстау бойынша арнайы операция жүргізілді

ПЕТРОПАВЛ, 30 желтоқсан. Петропавлда Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті мен Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері синтетикалық есірткіні өткізушілерді ұстау бойынша арнайы операция жүргізді. Нәтижесінде үш жас жігіт қылмыстық жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков атап өткендей, қылмыстық топ бірлескен әрекеттер нәтижесінде ұсталды. Барлық ұсталғандар Петропавл қаласында жалға алынған пәтерде екі айдан астам тұрып, “жасыру” арқылы синтетикалық есірткі таратқан. Жалдап алынған пәтерде тінту жүргізу барысында қылмыстық әрекетті көрсететін айғақ заттар  және 800 граммға жуық “мефедрон” синтетикалық есірткі тәркіленді.

Ұсталғандардың айтуынша, олар Петропавлға еліміздің әр өңірінен есірткіні тарату мақсатында әдейі келген.

Ерлан Омарбеков толықтырып кеткендей, ұсталғандарға қатысты сот қаулысымен “қамауда ұстау” бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық кодекстің 297-бабы “Өткізу мақсатында есірткіні заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау немесе өткізу” бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Күдіктілердің осыған ұқсас бұрын ашылмаған қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *