Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 04 қаңтар.Буркина-Фасоның Соуроу қаласында әскери бөлімшеге шабуыл жасауға дайындалып жатқан 29 бүлікші залалсыздандырылды, TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» Республикалық қоғамдық бірлестігіның ресми сайты хабарлайды.

Ұлттық ақпарат құралдарының хабарына қарағанда Соуроу қаласының Гомборо жерінде орналасқан әскери бөлімге шабуыл жасауға дайындалып жатқан көтерілісшілер тобы мен қауіпсіздік күштері арасында қақтығыс шықты.

Қақтығыс кезінде 29 көтерілісші залалсыздандырылды, Буркина-Фасо армиясының 11 сарбазы жараланды.

Өткен аптада сол аймақта Буркина-Фасо армиясының көмекші корпусының 41 мүшесі белгісіз қарулы топтың шабуылынан қаза тапқан еді.

Президент Роч Марк Кристиан Каборе шабуылдың артынан 48 сағаттық аза тұту жариялаған болатын.

Буркина-Фасода 2021 жылдың қараша айында жасалған лаңкестік шабуылдарда 58 сарбаздың қаза болуы қоғамда үкіметке қарсы ауыр сындар тудырды.

Осы шабуылдардың артынан президент Каборенің отставкаға кетуі үшін наразылық акциялары өткен, Үкімет «лаңкестікпен күресте сәтсіздікке ұшырады» деп айыпталған еді.

Каборе болса артып отырған наразылықтардың артынан 2021 жылдың 8 желтоқсан күні премьер-министр Джозеф Мари Дабирді қызметінен босатты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *