Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ЮНИСЕФ: Сириядағы қақтығыстарда 2 бала қаза болды 

НҰР-СҰЛТАН, 05 қаңтар. ЮНИСЕФ соңғы 4 күнде Сириядағы қақтығыстарда 4 баланың жарақат алғанын мәлімдеді, деп TRТ агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Сирияда артып отырған қақтығыстардың салдарынан жаңа жылдың алғашқы 4 күнінде 2 баланың қаза тауып, 4 баланың жарақат алғанын мәлімдеді.

ЮНИСЕФ жасаған мәлімдемеде Сириядағы балалардың 11 жылдан бері жалғасқан соғыстың құрбаны болып жатқанына назар аударды.

Өткен жылы балаларға қатысты құқық бұзушылықтардың 70 пайызының Сирияның солтүстік батысында орын алғаны атап көрсетілген мәлімдемеде жаңа жылдың алғашқы 4 күнінде 2 баланың өліп, 4 баланың жарақат алғаны тілге тиек етілді.

Мәлімдемеде Идлиб маңындағы Аршани ауылында бір су қоймасына жасалған шабуыл салдарынан 241 мыңнан астам адамның судан мақұрым қалғаны атап көрсетілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *